Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-Министрді тағайындады. Сондай-ақ жаңа министрлер кабинетінің құрамын бекітті. Жаңа үкіметте 4 министр өз орындарын босатты.
Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы 43 жастағы Олжас Бектенов Әлихан Смайыловтың орнына премьер-министр болып тағайындалды. Бектеновтің бұрынғы лауазымына Президент басқармаларының экс- басшысы 43 жастағы Айбек Дәдебаев отырды.
Жаңа үкімет жасақталды
ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ТЖМ басшысы Сырым Шәріпханов және Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өз қызметтерінен айырылды.
Жаңа Қаржы министрі 45 жастағы Мәди Такиев болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы болып 52 жастағы сенатор Ақмарал Әлназарова тағайындалды.
Ал 40 жастағы Шыңғыс Әрінов Төтенше жағдайлар министр...