2024 жылдың күзіне қарай алтын мен күміс бағасы одан әрі қымбаттауы мүмкін. Швейцариялық қаржы холдингі – UBS-тің болжамы бойынша, оған Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуі ықпал етпек.
«ФРЖ-ның ақша-несие саясатын жұмсартуымен алтын бағасы қымбаттайды деп болжаймыз. Бұл сондай-ақ доллардың әлсіреуімен қатар жүреді»,– деді инвестициялық банктің бағалы металдар бойынша стратегі Джони Тэвес.
Сарапшы бір унция алтын бағасы жыл соңына дейін 2200 долларға жетеді деп болжайды.
Алтын бағасы пайыздық мөлшерлемеге кері бағытта қалыптасатын үрдіске ие. Пайыздық мөлшерлеме төмендеген сайын алтын төмен пайыздық ортада әлсіз кіріс әкелетін облигация сынды инвестқұралдармен салыстырғанда тартымдырақ бола...