Қазақстанның 104 медициналық мекемесіне 73 млн теңге айыппұл салынды. Медициналық ұйымдар қызметінде тексерістен өтпеген құрылғыларды пайдаланып келген. Бұл жайлы Техникалық реттеу және метрология комитеті хабарлады.
Атап айтқанда, емханалар, госпитальдар, әскери госпитальдар мен лазареттердің қызметі тексерілген. Нәтижесінде олқылықтар анықталған мекемелерге жалпы құны 73 539 750 теңгені құрайтын айыппұл салынған.
2023 жылы Комитет пен оның аумақтық департаменттері медициналық мекемелерге 671 тексеру жүргізген. Тексеру барысында 104 медициналық мекемеде 6 мыңнан астам тексерілмеген бақылау-өлшеу құралдары пайдаланылғаны анықталған. Оның ішінде қан қысымын өлшейтін құрылғылар, жасанды тыныс алу аппараттары бар. Сонымен бірге дефибрилляторлар, нәрестелерге арналған инкубаторлар сынды адам өмірін сақтап қалуда маңызды саналатын...