Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар жолдарға шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Қазіргі уақытта автожолдарда 337 техника және 457 адам жұмыс істеп жатыр.
Жамбыл облысында 1 жол учаскесі Алматы-Ташкент-Термез тас жолы жабылды. Онда 159 шақырымнан 238 шақырымға дейінгі 79 шақырым учаскеде (Кенен ауылы – Қайнар ауылы) көлік қозғалысы шектелді. Қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады.
Жетісу облысының 1 жол учаскесі Үшарал – Достық ст., Көктұмадан Достық ст.дейін күре жолы жабылды.
Қарағанды облысында 1 жол учаскесі Екатеринбург – Алматы солтүстік-шығыс айналма жолының ауылдан шығатын бөлігінде Пришахтинск ауылынан Жаңа ауылғай дейінгі көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.