Ұлттық статистика бюросы халық саны туралы мәліметті жариялады. 2024 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны 266 739 адамға көбейген. Бұл туралы stat.gov.kz сайты хабарлады.
Аталмыш мекеменің хабарламасында 2024 жылдың 1 қаңтардағы есебі бойынша, халық саны 20 033546 адамды құрады. Оның 12 451 004 қала тұрғындары болса, ауыл тұрғындарының үлесі 7 582 542 адамға жетті. Алайда былтырғымен салыстырғанда, халық саны небәрі 1,35 %-ға өскен.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық статистиканың 2023 жылғы 1 желтоқсандағы есебі бойынша, халық саны 20 014 575 адам болған. Оның 12 431 220-сы қала тұрғындары, 7 583 355-і ауыл тұрғындары.
Халықтың өсу қарқыны...