Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары 30 күн уақытша тіркеуге тұрмастан, бір-біріне сапарлай алады. Мәжіліс екі ел арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады.
«Бұл келісім бойынша екі ел азаматтарына уақытша есепке тұрмай, 30 күн елде болуына рұқсат беріледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін, олар уақытша тұруға рұқсат алуға міндетті. Яғни оқу, жұмыс істеу, емделу, отбасымен бірігу, бизнес жүргізу үшін уақытша тіркеуге тұра алады. Уақытша тіркеу шеңберінде олардың елде болу мерзімі 6 ай ішінде 90 күннен аспауы керек. Қазір біздің азаматтар Өзбекстанда бес күннің ішінде тіркеуден өтуге міндетті екенін атап өткім келеді. Ал Қазақстанда тіркеу мен көш-қон...