Қазақстандағы барлық су қоймасын жөндеу мен қайта жаңғыртуға шамамен 2-3 трлн теңге қажет. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкімет отырысынан кейін болған брифингте мәлім етті.
Брифинг барысында журналист министрге:«Бүгінгі ұсынылған тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстандағы көптеген су қоймасы 30 тіпті 50 жыл бойы жөндеу мен қайта құрылымдау көрместен пайдаланылып келеді. Астанадағы су шаруашылығы объектілерінің тозуы 60 пайыздан артық. Қазақстандағы барлық су қоймасын жөндеу мен қайта жаңғыртуға қанша қаражат керек?», – деген сұрақ қойды.
«Министрлік су шаруашылығы объектілері мен су қоймаларына инвентаризация жүргізді. Республика бойынша 4 мыңнан астам су қоймасы бар. Тұжырымдаманы іске асыру үшін...