Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Қазақстанға өз елінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы министр өзінің X-тегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, БҰҰ Бас ассамблеясының саммиті аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездескен. Қазақстанға ризашылығын білдірген Андрей Сибига Украинадағы жағдайды баяндап, Орталық Азия елдерімен екіжақты диалог пен байланыстарды дамытуға мүдделі екенін атап өтті.
2022 жылы 24 ақпанда Ресей Украинаға қарсы «Арнайы әскери операция» деген атпен ауқымды соғыс бастады. Шабуылдың мақсаты ретінде Украинаның Донецк және Луганск облыстарының тәуелсіздігін қамтамасыз ету аталған болатын.
2022 жылы маусым айында Петербор экономикалық форумына барған кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...