Қазақстан 1 наурыздан бастап бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Бұл бастама электр қуатын тұтыну жүктемесіне әсер етіп, электр қуатын тұтыну көлемін ұлғайтады.
KEGOC АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжановтың айтуынша, ел азаматтары таңғы және кешкі уақытта электр қуатын бұрынғыдан көбірек пайдаланатын болады. Сәйкесінше осы уақыт аралығында электр қуаты үшін әдеттегіден артығырақ ақша жұмсалады.
«Бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуіне байланысты міндетті түрде электр қуатын тұтыну көлемі ұлғаяды. Тұтастай алғанда 1 сағат уақыт біздің жүйеге салмақ салмайды. Энергетика жүйесіне алаңдауға негіз жоқ. Электр қуатын тұтыну шығыны айтарлықтай өспейді, шамалы ғана болады. Электр қуатын тұтыну көрсеткіші қарбалас уақытта ғана, яғни таңғы және...