АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санкциялары Қазақстанда юань және рубльдің саудасын қыздырып тұр. Бұл туралы Bloomberg жазады.
Маусым-тамыз айларында теңгенің Қытай мен Ресей валюталарына қатысты орташа айлық сауда көлемі екі есе өсіп, 893 миллион юань (127 миллион доллар) және 86 миллиард рубльді (925 миллион доллар) құраған. Оған Мәскеу биржасында АҚШ валютасымен сауда-саттықтың тоқтауы себеп. Соның салдарынан ресейлік валюта көлемінің бір бөлігі Қазақстанға қарай «ағылды».
Америка Құрама Штаттарының санкциялары салдарынан ресейлік банктер Қытаймен төлем жасауға қажетті валюталық операциялар үшін Қазақстанды таңдаған.
Сонымен қатар басылым АҚШ-тың Ресей Федерациясына қатысты шектеулері KASE-де юань және рубльдегі операцияларды ынталандырғанына назар аударады. Қазақстан қор биржасында...