Үкімет сенаторлардың «Топырақты қорғау туралы» заң жобасын және құнарлы жерлерді сақтау мен қалпына келтірудің ұзақ мерзімді ғылыми мақсатты бағдарламасын әзірлеу туралы бастамасын қолдады. Құжатта ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарды қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде қорғауға бағытталған негізгі стандарттар белгіленеді.
2023 жылғы желтоқсанда сенатор Зәкіржан Күзиев үкімет басшысы Әлихан Смайловқа депутаттық сауал жолдады. Онда «Қазақстанда топырақты қорғау туралы» жеке заң әзірлеуді, тыңайтқыштарды пайдалану мәселелері бойынша нормативтік-әдістемелік құжаттарды жаңартуды ұсынды. Сондай-ақ 2035 жылға дейін жерді зерттеудің ұзақ мерзімді мемлекеттік ғылыми бағдарламасын қабылдауды ұсынды.
Үкімет басшысы сенатордың бастамасын қолдап, заң жобасын парламенттік бастама аясында пысықтауды ұсынды. Сондай-ақ ол мәселені шешу үшін 2023 жылғы...