Сада мерекесіне байланысты өткен жиында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон әр отбасы екі жылдық азық-түлік қорын сақтауы керек екендігін атап өтті.
Ховар агенттігінің жазуынша, президент бұл ойға климаттың өзгеруі, жылынуы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты келгенін айтты. Ол әлем халқының саны өсіп, азық-түлікке қажеттілік артуы әлемдегі басты проблемалардың бірі екенін атап өтті.
«Қазір әлемдегі қиын жағдайда бірінші кезекте көп жұмыс істеуіміз керек. Су мен жерді тиімді қолдану шарт. Неғұрлым көп азық-түлік өндіру қажет. Ұлттық стратегиялық мақсатымыз – азық-түлік қауіпсіздігін қорғауымыз керек», – деді Рахмон.
Ол бұрынғы азық-түлік тасымалдау жолдарының жабылып, азық-түлік бағасының өскенін де ескере...