Алматы сотының апелляциялық алқасы ерлі-зайыпты журналист Владимир және Наргиз Северныйларға шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.
2023 жылдың желтоқсанында Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Владимир мен Наргиз Северныйды 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Владимир Северный ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда өтейтін болды.
Владимир Северный ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша ақталды.
Наргиз Северная Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа режимдегі колонияда...