Мәжілістегі басым фракция ретінде «Amanat» партиясы президентке жаңа премьер-министр ретінде Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды», –делінген Ақорда хабарламасында.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен талқылайды.
Олжас Бектенов қазіргі таңда президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келеді. Ол бұл қызметке 2023 жылы 3 сәуірде тағайындалған. Оған дейін ол 2022 жылдың ақпанынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы болған.
Бектенов қызметін Алматы қаласы Әділет басқармасында бастап, Премьер-министр кеңсесінде, Президент әкімшілігінде, Әділет министрлігінде, Астана қаласы мен Ақмола облысы әкімдігінде...