Қазақстанда көз ауруларын емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға түскен өтініш саны күрт артты. БЖЗҚ дерегі бойынша, қазанда 15,4 мың өтініш орындалған. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда шамамен 10 есе көп. Ал жыл басынан бері сегіз ай ішіндегі орташа көрсеткіштен 73 есе жоғары.
Бұған назар аударған Бірінші несие бюросының хабарлауынша, қазанда жалпы зейнетақы қорынан 13,3 млрд теңге төленген. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 9 есе, ал қаңтар-тамыз аралығындағы орташа көрсеткіштен 83 есе жоғары. Қыркүйекте көз ауруларын емдеуге зейнетақы жинақтарын пайдалануға қатысты 1611 өтініш орындалған. Жалпы сомасы – 1,4 млрд теңге.
Мұндай өсім зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметтерге жұмсау мүмкіндігі тоқтатылғаннан кейін байқалды. Қаржы мониторинг...