Алматыдағы орталықтардың бірінде ерекше баланы қинаған қызметкердің видеосы желі қолданушыларының ашуын туғызды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс тіркелді.
Журналист Гүлбану Әниятқызының айтуынша, кадрдағы қызметкер Алматыдағы «Феникс» орталығында жұмыс істейді.
«Баланың сөйлей де, ойлай да алмайтынын пайдаланған ол бүкіл агрессиясын балаға шығарған. «Маманды» басшысымен бірге жауапқа тарту керек», – дейді Гүлбану Әниятқызы.
Оқиғаға әлеуметтік желі қолданушысы, блогер Феечка-Перизат та пікір білдірді. Ол мұндай әдісті жаттықтырушылар ерекше балалардың бәріне істейтінін, мамандар мұны қан жүрмей қалған соң жасайтынын жазған. Алайда Перизат осындай жаттығулардың бірінде бала есінен танып қалғанын айтады.
«Жаттықтырушы сонда да баланы осылай мыжумен...