Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төралқа мүшелеріне үндеу жасады. Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Құрметті әріптестер!
Мен бүгіннен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының сайланған төрағасы өкілеттігін доғаруды ұйғардым.
Съезд делегаттары мен төралқа мүшелеріне маған сенім білдіргені үшін алғыс айтамын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары бақылау органын сегіз жыл бойы басқару мен үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік болды.
Қатардағы сарапшылардан бастап аудандық филиалдардың басшыларына дейін – «Атамекен» ұжымына бірлескен нәтижелі жұмыс үшін айрықша ризашылығымды білдіремін.
Біздің жұмысымыздың басты қорытындысы – бизнес пен биліктің жолға қойылған сындарлы диалогы, қолайлы бизнес-ахуалды қалыптастыру.
Біздің басымдығымыз әрқашан бизнес құқығын қорғау...