Фото: shutterstock.com
Банктерге деректерді талдау процессін жеңілдетіп, корпоративтік қарыз алушылардың дефолт ықтималдығын бағалауға мүмкіндік беретін пакет бар. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі SupTech және RegTech бастамаларын іске асыру, сондай-ақ тәуекелге бағдарланған қадағалауды жетілдіру үшін Python тілінде «AFR» пакетін әзірледі. Бұл туралы агенттік баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл – «R» бағдарламалау ортасындағы осы аттас пакеттің аналогы. 2022 жылы әзірленген «R»-дағы «AFR» пакеті пайдаланушылар арасында жоғары сұранысқа ие болып, 4 мыңнан астам рет орнатылған.
«AFR» деректерді жүктеуден бастап модельдердің сәйкестігін тексеруге дейінгі деректерді статистикалық талдау процестерін жүйелейді және автоматтандырады. «AFR» пакетінде меншікті және басқадан...