Алтын бағасы жұма күнгі саудада тағы бір рекорд орнатып, алғаш рет 1 унциясы үшін 2400 доллардан асты.
Нью-Йорк Comex биржасында маусым айындағы алтын келісімшарттарының бағасы бір унция үшін 1,7%-ға өсті. Осылайша құнды метал бағасы 2 413,9 долларды құрады. Жыл басынан бері алтын 14% қымбаттады.
«Бағалы металға Федералдық резервтің пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне қатысты болжамдар ықпал етті. Сонымен қатар жоғары геосаяси тәуекелдер және орталық банктер тарапынан сұраныстың артуы себеп болды», – деп хабарлайды MarketWatch.
«Келесі аптада АҚШ-та тиісті деректер жарияланады. Алайда алтынның айтарлықтай қысымға ұшырауы екіталай», – деп жазды Commerzbank тауарды зерттеу бөлімінің басшысы Ту Лан...