Eurovision ән байқауының ұйымдастырушылары кеше байқауға Израильдің қатысуына байланысты әртістерді қудалау мен оларға қысым көрсету әділ емес деген мәлімдеме жасады. Байқау ұйымдастырушысы – Еуропа хабар тарату одағы (ЕВU) байқау көрермендерін Eurovision-нің барлық қатысушысына тең қарап, әсіресе Израиль атынан шығатын Эден Голанға сыйластық танытуға шақырды.
Биыл байқау мамырда Швецияда өтеді. Былтыр Ливерпульдегі байқауда Лорин атты швециялық әнші байқауда жеңіске жетіп, екінші трофейіне, ал Швеция шоу өткізу кезегіне қол жеткізген еді. Байқау Мальма қаласында болады.
Израильдік әнші Эден Голанды өлтіреміз деп қорқытып, хат жолдағандар қарасы көп екен. 20 жастағы әнші Walla Celebs сайтына берген сұхбатында Instagram желісіндегі парақшасына хаттар күн сайын...