Сауд Арабиясы Қытай энергетика нарығындағы позициясын нығайтады, ол Ресей мен Иран сияқты жетекші мұнай өндіруші елдер үшін «қатал күрес алаңына айналды» деп жазды Bloomberg.
Агенттік мұны Saudi Aramco мен қытайлық Rongsheng Petrochemical арасындағы 3,6 миллиард долларлық келісімімен байланыстырып отыр. Мұның алдында ғана саудиялық компания Rongsheng Petrochemical компаниясының акцияларын осындай сомаға сатып алатыны белгілі болған еді.
Saudi Aramco 27 наурызда қытайлық Rongsheng Petrochemical-дың 10% акциясын 3,6 миллиард долларға сатып алатынын мәлімдеді. Егер реттеушілер мақұлдаса, онда мәміле жыл соңына дейін жабылады. Rongsheng Petrochemical акциялары 28 наурызда, осы ақпарат жарияланғаннан кейін 10% – ға өсіп, 2022 жылдың қыркүйегінен...