ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы «KEGOC» АҚ бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, «KEGOC» АҚ бағдарламалық кешенді іске қосудың есепті мерзімін бұзып және бағдарламаның толық жұмыс істеуін қамтамасыз етпеген.
«Энергетика министрлігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша электр энергиясы нарығын реформалауды қолға алып, саладағы нарықтың жаңа моделін енгізуге бағытталған заң нормаларын қабылдады.
Мысалы, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы және Электр энергиясын нақты уақыт режимінде теңгерімдейтін нарық тетігі енгізілді», – деп жазылған министрліктің мәліметінде.
Бұл тетік елд...