Фото: kursiv.media
«Artsport» жобасы бойынша 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс қозғалған. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қорытындысында жазылған.
Үйірмелер мен секцияларды мемлекеттік қаржыландыру жолымен, бұқаралық балалар спорты мен шығармашылығын дамытуға бағытталған «Artsport» жобасы шеңберінде анықталған сыбайлас жемқорлық схемалары қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.
Бұл жобаға мемлекеттен 43 млрд теңге бөлінді. 2021 жылы – 5,8 млрд теңге бөлінсе, 2022 жылы – 37 млрд теңге бөлінген.
«Бағдарламаны іске асырудың қысқа мерзімі ішінде 11 адамға қатысты 19 қылмыстық іс тіркелді. 6 адам сотқа берілді, оның 4-еуі сотталды, 5-еуіне қатысты – қылмыстық қудалау...