Фото: kursiv.media
Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты екі істі қарап жатыр. Бұл істер заңсыз салынған құрылыспен байланысты.
Атап айтқанда, Жоғарғы Соттың сот кеңсесінде Байбекке қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бар. Сот 26 маусымда ҚР ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша бірінші істі қарауға қабылдады. Екіншісі істі – 29 маусымда ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша қабылданған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 319-бабы бойынша жер учаскесіне тиісті құқығынсыз өндірістік, тұрғын, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе шаруашылық объектілерін заңсыз салу әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл шартты бұзған жеке...