Фото: kursiv.media
19 шілдеге дейін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 83 мың өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Ғылым және Жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Талапкерлердің басым бөлігі құжаттарын үш республикалық маңызы бар қаланың жоғары оқу орындарына тапсырған. Алматы қаласындағы оқу орнына 34 мың талапкер, Астана қаласындағы ЖОО-ларға 16 мың және Шымкент қаласына 5 мың талапкерден өтініш кеп түскен.
Ал талапкерлердің таңдауы ішінде ең сұранысқа ие бағыттар қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға» қатысты салалар тұр.
«Білім беру бағдарламаларының тобына келетін болсақ, ең көп өтініш «Ақпараттық технологиялар...