Энергетика министрлігі Қара теңіздегі жағдай қазақстандық мұнай экспортына ешбір қауіп-қатер төндірмейді деп есептейді. Бұл туралы ведомства басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
«Өздеріңіз де білесіздер қазақстандық мұнай Ресей аумағы арқылы да тасымалданады. Бұл КҚК (Каспий құбыр консорциумы) – қазіргі таңда ешбір қиындық жоқ», деді ол сейсенбі үкімет кулуарында.
Ол, дәл осы экспорт бағытының тұрақтылығы бойынша барлық мәселеге Қазақстан өкіметі айрықша назар аударатынын атап өтті.
«Ал, Атырау-Самара мұнайқұбырына келсек, онымен Еуропаға да өнім жеткізіліп жатыр, Қазақстан өз мұнайын Германиядағы МӨЗ-на өңдеуге жөнелтті. Қазіргі кезде қазақстандық мұнай экспортына шектеу болатын нақты, ауқымды...