Фото: «Бузачи-нефть» ЖШС
«Қаратұрын Восточный» кен орнының №303 ұңғымасында апатты жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жайлы «Бузачи-нефть» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қаратұрын Восточный» кен орнындағы апаттың салдарын жою жұмыстары барысында екі көлбеу бағытталған босатушы ұңғымаларды бұрғылау бойынша жүргізіліп жатыр. Жеке техникалық жобаларды әзірлеу туралы бұл шешімді мұнай-газ саласы мен бейінді министрліктер сарапшыларының пікірлерін ескере отырып, апатты жою жөніндегі Штаб қабылдаған.
«24 шілде күні Маңғыстау уақыты бойынша сағат 22:30-да «Қаратұрын Восточный» кен орнында 9 маусым күні болған №303 ұңғымадағы апаттың салдарын жою үшін тереңдігі 1200 метр көлбеу бағытталған №305-Н ұңғымасы арқылы бұрғылау жұмыстары басталды. Қызметкерлер AIDECO...