Фото: kursiv.media
«Оператор РОП»-тың бұрынғы құрылтайшысы экстрадицияланды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Ш.Мұқтарованы экстрадициялады», делінген баспасөз хабарламасында.
Ол «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С.Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деп күдіктеледі. 27 шілде күні сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласының әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.
Еске сала кетсек, 30 маусым күні агенттік аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікпен «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Муктарова Шнар Уралгазыновнаға