Қазақстан аумағының сейсмикалық аудандары ел аумағының жалпы ауданының шамамен 40%-ын алып жатыр. Еліміздегі сейсмикалық қауіпті өңірлерде, шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстікте өнеркәсіптік әлеуеттің 50%-дан астамы шоғырланған. Бұл аумақтарда 7 млн. астам адам тұрады және 400-ден астам қалалар мен елді мекендер орналасқан.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жария талқылауға шығарған «Қазақстан Республикасы сейсмологиялық саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасында айтылған.
Алматы және Шымкент қалаларының, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумақтары сейсмикалық қауіп басым. Ал бүкіл Орталық Азиядағы сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірінде орналасқан Алматы қаласы апатты жер сілкіністеріне барынша...