Маусым айының қорытындысы бойынша еліміздің жалпы халықаралық резервтері 34,5 млрд долларды құрады. Бұл көрсетркіш мамыр айының соңындағы мәннен 2,79%-ға төмен. Ал, сәуірге қарағанда мамыр айында қысқару 5,75%-ды құраған болатын.
Ал, биылғы жарты жылдықта жалпы халықаралық резервтер ақпан айында көп қысқарған, 6,17%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған статистикада көрсетіліпті.
Биылғы жарты жылдықта Қазақстанның халықаралық резервтері 1,77% қысқарды. Валютада еркін конвертацияланатын активтер маусым айында 1,49%-ға 15,26 млрд долларға дейін азайған. Ал, мамыр айында 10,25% азайыпты.
Дегенмен жыл басынан бері көрсеткіш 4,69%-ға өскен.
Ал, Ұлттық банктің алтын резервтері маусым айының қорытындысы бойынша 19,19 млрд долларға бағаланыпты...