ITCOMMS PR-агенттігінің мамандары жақында қазақстандық стартаптардың рейтиңін жасап шықты. Рейтиң бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде ең көп аталған, жиі жазылғанына қарап түзілген. Соның нәтижесінде қазақстандық 15 танымал стартапты тізіп шыққан.
Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша стартаптардың көш басында Cerebra, Citix және Daryn.online тұр. Олар 2023 жылдың 1 қаңтары мен 30 маусымы аралығында БАҚ пен желіде жиі аталған. Cerebra (606,9 мың) бірінші тоқсан нәтижесінде де бірінші орында. Одан кейін — 1Fit (443,4 мың) және Citix (337,5 мың). Екінші тоқсанда Citix жайлы жазылған ақпарат 2,5 есе өскен (957,8 мың). Ал Daryn.online туралы хабар бұл кезеңде 228,4 мыңнан 795,1 мыңға артқан...