Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заңдар ресми жарияланғаннан кейін, 60 күн өткенде күшіне енеді. Яғни 2024 жылдың 16 маусымынан қолданыста болады. Ал кейбір нормалар 2025 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енбек. Бұл жайлы атаулы құжатта жазылған.
«Неке және отбасы», Қылмыстық және Еңбек кодекстеріне өзгеріс енгізілген.
Неке және отбасы туралы заң
Өзгерістерге сәйкес мемлекеттік отбасы саясаты саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыруға басшылықты және сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган ретінде танылады. Мұндай орталықтар дәстүрлі отбасылық құныдылықтарды дәріптеуге, неке және отбасы, әке, ана және бала институтын нығайту бағытында жұмыстар...