Түркістан облысында «Мигрант» іс-шарасы барысында 48 шетел азаматы қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арыс аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлері осы салаға қатысты қандай да бір заңсыздыққа жол бермеу, алдын алу мақсатында қарқынды қызмет етіп келеді. ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен республика көлемінде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, республика аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау.
Мәселен Арыс ауданында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін ҚР-дан кетпеуінен көрінген, ҚР халықтың көші-қоны...