Дүниежүзілік медицина қауымдастығының (WMA) төрағасы Франк Ульрих Монтгомери, Германиядағы шектеу шараларын жеңілдетпеуді ескертті.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
«Кімде-кім коронавирустық инфекцияның таралу индексінің (R) жоғарлауы кезінде шектеу шараларын жеңілдету туралы айтқан адам мүлдем жауапсыздық танытқан», – деп мәлімдеді Монтгомери.
Естеріңізге сала кетейік, Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізілген. Бірақ оған қарамастан, Берлинде 21 ақпанға қараған түні 30 адамның қатысуымен ұйымдастырылыған заңсыз сауық кешінің өткені анықталды. Іс-шара қараусыз қалған өнеркәсіптік ғимараттың аумағында жүргізілген.
Парижде, жергілікті құқық қорғау органдары қатаң шектеу шаралырына қарамастан 200-ге жуық адамны...