Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпар ойынын ұйымдастырушыларды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғындардың карантин талаптарын сақтауының алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Осындай кезекті шара барысында Бәйдібек ауданының полицейлері карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзған тұрғындарды анықтады. Бөген ауылдық округіндегі еркін жайылымдардың бірінде Бәйдібек АПБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның ас беру құрметіне ұйымдастырылған ұлттық ойынды өткізуді тоқтатты. Тәртіп сақшылары іс-шараға қатысушыларға карантин талаптарына жол бермеу туралы түсіндіру әңгімелерін өткізді. Сондай-ақ шектеу шараларын бұза отырып, 100-ге жуық адамды жинаған көкпар ұйымдастырушыларын жауапқа тартты.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу...