Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Әлем кубогының Бейжіңдегі кезеңінде қола жүлдегер атанды.
21 жастағы Шайдоров қысқа бағдарламасын 88,33, ал еркін бағдарламасын 174,34 ұпайға орындады. Екі бағдарлама қорытындысы: 262,67 ұпай.
Бірінші орынға жапон атлеті Шун Сато (278,12) көтерілсе, күміс жүлдені Италия спортшысы Даниэль Грассль алды (269,43 ұпай).
Михаил Қытай астанасындағы жарыста еркін бағдарламасында аса күрделі секіру элементтерін орындады. 3A+1Eu+4Sq күрделі каскадын қазылар алқасы 18.20 ұпайға, ал 4Lz пен 4F куадтарын 11,50 және 11 ұпайға бағалады. Шайдоров тағы бір күрделі каскад – 4T+3T үшін 15,07 ұпай алды. Дегенмен ол 4T элементін орындау барысында құлап қалып, әжептәуір ұпай жоғалтты.
Қазақстан 2026 жылы Италияда...