Ақша ұстай білу — өнер. Олай дейтін себебіміз бірі — бәрін алдын-ала жоспарлап, қайда жұмсайтынын ақылмен шешсе, енді бірі — тапқан-таянғанын жарты ай болмай жатып құртып тастап, қалған жарты ай қарызға өмір сүреді. Сондықтан қаражат сізді басқармай тұрғанда, өзіңіз басқарып үйренгеніңіз жөн. Балаңызға айту да ләзім. Өйткені дер кезінде айтылған құнды кеңес өмірлік азыққа айналуы ғажап емес. Осы ретте балаңызды дәулетті, ынсапты етіп тәрбиелеуге қатысты қызық тәсілдерді тізіп шықтық. Бірі болмаса, бірі кәдеңізге жарап қалар.
Армансыз күні болмасын
Бала кезде қиял шіркін шексіз болады. Әсіресе, жасөспірімдер бүгінде миллионер болуды жиі армандайды. Балаңыз «сан жетпес машина алам» десе, «алдымен...