Қытай жел энергиясымен жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы суасты деректерді өңдеу орталығының құрылысы аяқталғанын хабарлады.
Naked-science басылымының жазуынша, бұл жоба елдің шығыс бөлігінде – Шанхай муниципалитетінде іске асырылып, есептеу инфрақұрылымын «жасыл» дамыту саласындағы жаңа бағдарға айналған.
Нысан Қытайдың (Шанхайдың) еркін сауда аймағының Линьган арнайы аймағында орналасқан. Линьган әкімшілік комитетінің мәліметінше, жобаға 1,6 миллиард юань (шамамен 18,5 миллиард рубль) көлемінде инвестиция салынған, ал деректер орталығының жалпы қуаты 24 мегаватқа жетеді.
Комитет өкілдері атап өткендей, құрылыс жұмыстарының аяқталуы суасты деректер орталықтары мен жаңартылатын энергия көздерін біріктіру ісінде серпіліс болды. Жоба есептеу қуаттарын дамытудың «жасыл» және төмен көміртекті тәсілінің, сондай-ақ теңіз жел...