Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарын, Қордай ауданының әкімін, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығын және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығын қызметінен алуды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі А.Мырзахметовке Жамбыл облысы, Қордай ауданында кісі өліміне, тұрғын үйлердің қирап, азаматтардың дүние-мүліктерінің бүлінуіне әкеп соқтырған оқиғаға байланысты облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары С.Құрманбекованы және Қордай ауданының әкімі Б.Байтөлені жұмыстарына салғырт қарағаны үшін қызметінен босатуды тапсырды», –делінген хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысы ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевқа Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы А.Оразалиевті және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығы...