23 қазанда Алматы тұрғындары жер сілкінісі туралы хабарландыру алды. ТЖМ автоматты жүйедегі ақауға байланысты хабарламаның қате болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, датчиктер әлсіз жерасты тербелістерін 2-3 балл күшімен тіркей алады, бірақ жүйе 5 балдан және одан жоғары теңселу кезінде ескертуге орнатылған. Сондықтан ол қате ескерту жіберді.
«Мүмкін, жүйеде ақау болды, ішінде бір өзгеріс болды. Қазір біздің мамандар – мердігер ұйым зерттейді», – деп түсіндірді Тұрсынбаев.
Ол мұндай оқиға бұрын алматылықтар қала күнін атап өткен кезде болғанын айтты. Кеген Тұрсынбаев жүйе тексеріледі деп сендірді.
Қазақстанда жер асты дүмпулерін...