«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүргізуші куәлігін алғаш рет алу қызметі енді «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді болғанын хабарлайды.
Базаны автоматты түрде тексереді
Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар өтінішті мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, тікелей «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Жүйе медициналық анықтамасының бар-жоғын, автомектепті аяқтау туралы куәлігін және шектеулердің болуын мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде тексереді.
Өтініш жіберілгеннен кейін азамат өзіне ыңғайлы уақытта теориялық және практикалық емтихандарға жазыла алады. Осылайша, мемлекеттік баж төлемі емтихандарды сәтті тапсырған соң мамандандырылған ХҚКО бөлімінде төленеді. Бұл тәсіл рәсімдеу процесін оңтайландырып, азаматтар үшін анағұрлым қолайлы жағдай...