Назарбаев университеті мен мектептері, сонымен бірге «Бөбек» орталығы 2026-2028 жылдары республикалық бюджеттен 261 млрд теңгеден астам қаражат алады. 22 қазанда Мәжіліс бекіткен заң жобасында осындай мәлімет бар.
Назарбаев атындағы мекемелер
Университет
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын білім беру мекемелері тағы үш жыл бойы бюджеттен қыруар қаражат алады. Қаржы министрлігінің ресми сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, бір ғана Назарбаев университетінің өзі үш жылда, Ғылым және жоғары білім министрлігі арқылы, шамамен 126 млрд теңге алады.
Атап айтқанда, университет 2026, 2027 және 2028 жылдары 42 млрд теңгеден алып отырады. Салыстырар болсақ, бұл «Болашақ» бағдарламасына қарастырылған ...