Көлік министрлігінің шешімімен «Ақтөбе – Маңғыстау» бағыты бойынша жолаушылар теміржол қатынасы қайта жанданып, пойызға Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсетіп жатыр.
Бұған дейін аталған бағытта жеке тасымалдаушы Otpan Logistik ЖШС жұмыс істеген. Алайда вагондардың техникалық жай-күйіне қатысты жолаушылар шағымдарының көбеюі және жылжымалы құрамды жаңарту міндеттемелерінің орындалмауына байланысты компаниямен жасалған келісімшарт бұзылған.
Қазір жолаушылар тасымалы Ұлттық тасымалдаушы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрамындағы пойыздармен жүзеге асырылуда. Пойыз отандық өндірісте шығарылған жаңа жолаушылар вагондарымен қамтамасыз етілген. Пойыз құрамында 5 купе және 6 плацкарт вагоны бар. Бір бағыттағы жалпы сыйымдылығы 400-ден астам жолаушы.
Вагондар қауіпсіздік және жайлылық бойынша заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Купе...