Психолог кеңесі, массаж, фитнеске тегін абонемент сынды жағдай жасайтын компаниялар Қазақстанда да бар. Бұрын шетелдік компанияларда істейтін қызметкерлердің сұхбатынан еститін мұндай керемет бізде барына көз жеткізу үшін Kursiv.media тілшісі отандық IT-компанияларға сұраныс жолдаған еді. Қызметкерлеріне қандай жағдай жасайды, нендей мүмкіндіктер қарастырылғанына, кеңселері қалай безендірілгеніне шолу жасап шықты.
MOST: массаж, тау көрінетін әдемі терраса және психологиялық релакс
Стартаптарға ерте кезеңдерде ақша салатын MOST компаниясы әрбір қызметкерді онбордиң сәтінен бастап, командалық спринтте жұмыс істегенге дейін жайлы сезінуіне үлес қосуға тырысады. Компания қызметкерлеріне кеңсе жанындағы фитнес-залдарға жеңілдік береді. Әрі хабта апта сайын психологиялық релаксацияға баруға мүмкіндік бар. Ресми дресс-код, түскі ас уақыты...