2022 жылғы қаңтар-тамыздағы демографиялық ахуал туралы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 666,8 мың адамды құрады оның ішінде: қалалықтар – 12 131,1 мың (61, 7%) ауылдықтар – 7 535,7 мың (38,3%). Бұл туралы ҚР Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2022 жыл басымен салыстырғанда халық саны 163,7 мың адамға немесе 0,8%-ға өсті.
Халықтың табиғи қозғалысы
Республика халқының табиғи өсімі 2022 жылғы қаңтар-тамызда 2021 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда (178,9 мың адам) 3,6%-ға төмендеп, 172,4 мың адамды құрады. 1000 тұрғынға шаққандағы табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 13,19 адамды құрады.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілерінінің жазбаларындағы мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында...