Қырғызстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі (жақында құрылған конституциялық реформа жобасын пысықтайтын орган. – Ред.) Садирдин Торалиев орыс тілін ресми мәртебеден айыруды ұсынды. Бұл туралы 24.kg. хабарлады.
«Бұл радикалды болып көрінуі мүмкін. Бірақ менің ұсынысым – мемлекеттік тіл ретінде тек қырғыз тілін қалдыру керек. Біз басқа тілдерді басқа заңдармен дамытатын боламыз», – дейді Торалиев.
«Жастар неге қырғыз тілін үйренбейді? Себебі оған ешқандай қажеттілік жоқ. Біз оны жасауымыз керек. Сонда ғана барлығы қырғыз тілін үйреніп, сөйлей бастайды», – деді Таралиев.
Орыс тілінің ресми мәртебесі мемлекеттік – қырғыз тілінің мәртебесімен қатар Қырғызстанның Конституциясында бекітілген.
Бұған дейін республика парламенті Конституцияға өзгерістер...