Қыркүйек айында теңге бағамы 0,9%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары 476,53 теңгеге жетті. ҰБ Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова ұлттық валюта бір ай бойы бірқатар қолайсыз сыртқы факторлардың қысымына ұшырағанын айтады.
Бірінші кезекте, нарық қатысушыларының сентиментіне әсер еткен геосаяси қақтығыстардың өрши түскенін атап өтуге болды. Сонымен қатар, бұрын атап айтқандай, қыркүйек айы бойы әлемдегі монетарлық жағдайлар күшейе түсіп, мұнай бағасы төмендеген.
Әлия Молдабекованың айтуынша, теріс факторлардың әсеріне қарамастан, валюта нарығы теңгерімді болды. Ұлттық Банк интервенция жүргізген жоқ. Теңге-доллар жұбы бойынша биржалық сауда-саттық көлемі тамызбен салыстырғанда біршама қысқарды.
«Квазимемлекеттік сектордың сатылымдары валюта нарығына қолдау көрсетті. ЕДБ арқылы валюта нарығында сатылған кіріс көлем...