IT салыстырмалы түрде жаңа сала болғандықтан, бұл салаға қатысты ел аузында түрлі стереотип пен аңыз жүреді. Оның ішінде гендерлік бөліну де, математикадан нашар адам бағдарламалаушы бола алмайды дегендей таптаурындар да бар. Бүгінгі материалымызда осы сынды аңыздарды жинап, жоққа шығарамыз. Мансап бастауға кедергі келтіріп жүрген стереотиптерді талдайық.
IT-маман деген — код жазатын адамМұны IT-компаниядағы басқа мамандар естісе, ренжиді. Өйткені бұл салада аналитиктер, тестілеушілер, продакт және проджект-менеджерлер, дизайнерлер және т.б. жұмыс істейді. Расында IT – түрлі бағыттағы мамандарды тоғыстыратын сала. Өйткені бір ғана бағдарламалаушы барлық жұмысты бір өзі атқара алмайды. Мысалы UX/UI-дизайнер интерфейсті барынша түсінікті, әдемі әрі қолайлы етіп...