Қадағалау органы Целиноград ауданы Қаражар және Жаңажол ауылдарында кентішілік жолдарды салу кезінде өрескел бұзушылықтар анықтады. Мердігер ұйым үш жыл бойы асфальт төсеу технологиясын сақтамау, техникалық сүйемелдеусіз жұмыс жүргізу, құрылыс кезінде жарамсыз топырақты пайдалану арқылы көрсетілген шарттар бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған.Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.
Сонымен қатар, жұмыстар жобадан анық ауытқумен жүзеге асырылды.
Аталған бұзушылықтар уәкілетті мемлекеттік органның тексеруімен расталды.
Аудан прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша мердігермен жасалған екі шарт бұзылып, мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арызы сотқа жолданды (қарауда).
Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары тоқтатылды...