Фото: kursiv.media
Қазақстан азаматтары банкроттық аясында 110 млрд теңгеден астам қарызды кешіруге өтініш тастаған. Бұл өтініштердің басым бөлігі Түркістан және Алматы облысы тұрғындарынан түскен. Наурыздан бері 3,7 мың адам банкрот деп танылды. Бұл туралы Қазақстан Қаржы министрлігінің «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазіргі кезде соттан тыс банкроттыққа жалпы саны 67 мың өтініш келіп түскен. Ал сот арқылы банкрот деп тануға 1 мыңнан аса арыз берілген. Банкроттық процесі басталғалы бері 3768 өтініш беруші банкрот деп танылыпты.
2022 жылы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде...